Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ӨКІЛДЕРІ «ҚУАТ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» бөбекжай-балабақшасында «Әділет» партиясының өкілдері педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, тәрбие сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және еңбек жағдайларын жақсарту бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

Кездесуге қатысушылар балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуін қамтамасыз ету, заманауи оқыту әдістерін енгізу, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және тәрбиешілердің кәсіби қызметін қолдау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыру, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру және балабақшалардың қызмет сапасын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, педагогтер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, білім беру саласын дамытуға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button