Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ №44 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясының өкілдері М.Түймебаев ауылындағы №44 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында білім беру саласының өзекті мәселелері, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, жастардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар білім беру саласын цифрландыру, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тәрбие жұмысын жетілдіру бағыттары сөз болды.

Кездесуде ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі рөліне ерекше назар аударылды. Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту және білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасылды.

Мектеп ұжымы білім беру саласына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Кездесуге қатысушылар қойылған сауалдар бойынша пікір алмасып, көтерілген ұсыныстарды талқылады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button