Қоғам
Қоғаммен әріптестік негізінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір азаматтың тыныштығы мен амандығының кепілі. Қауіпсіз қоғам құру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Мемлекет пен азаматтардың өзара сенімі, ынтымақтастығы және белсенді әрекеті ғана қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.
Әрбір тұрғын заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және айналасында болып жатқан күмәнді жағдайларға бейжай қарамауға тиіс. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара жауапкершіліктің маңызды бөлігі.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тұрғындардың, жастардың, еріктілердің және қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы – құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Заңды құрметтейік, тәртіпті сақтайық, қоғам тыныштығына бірге үлес қосайық! Себебі қауіпсіз қоғам – жарқын болаша



