Аудан жаңалықтары

№39 ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫМЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Боралдай кентіндегі №39 гимназияда білім саласының өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға «Әділет» партиясының Іле аудандық штабының өкілдері мен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы қатысты.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар өңірдегі білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайы мен оларды дамытуға қатысты ұсыныстар ортаға салынды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде ұстаздар өздерін толғандырған бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі мектептердің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру мекемелеріндегі спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту, жас педагогтерге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ оқушыларды республикалық және халықаралық білім жарыстарына сапалы дайындау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға қажетті мүмкіндіктерді арттыру жөнінде пікірлер айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар білім саласындағы мәселелерді ашық талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, педагогтердің ұсыныстары мен тәжірибесіне назар аудару білім беру ортасын жетілдіруге ықпал ететінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button