Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

№361 учаскедегі алғашқы бюллетень Лаура Токановаға берілді

Сайлау учаскесі жұмысын енді бастаған сәтте Байсерке ауылының тұрғыны, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Лаура Токанова дауыс беруге келіп, алғашқы болып өз таңдауын жасады.

23 тамыз күні ол №361 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауында алғашқы болып бюллетень алды.

Лаура учаскеге таңертең, дауыс беру басталған уақытта келген. Құжаттары тексерілгеннен кейін сайлау комиссиясының мүшелері оған осы күнгі алғашқы бюллетеньді табыстады.

Осылайша, №361 сайлау учаскесіндегі алғашқы дауыс беру рәсімі Байсерке тұрғыны Лаура Токановадан басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button