Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Белгілі актер Олжас Сақ Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін белгілі қазақстандық театр және кино актері Олжас Сақ Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Мәдениет пен өнер саласының өкілі ретінде ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдірді. Ол өнер адамдары мен жастарды ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсене қатысуға шақырды.

«Өнер мен мәдениеттің дамуы елдің тыныштығы мен тұрақтылығына тікелей байланысты. Бүгінгі жасаған таңдауымыз – мемлекетіміздің, соның ішінде өнеріміз бен мәдениетіміздің жарқын болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Әрбір азаматтың дауысы салмақты әрі маңызды», – деді актер.

Елімізге танымал тұлғалар мен өнер иелерінің сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасауы тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға оң ықпал етуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button