Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Жас жұбайлар дауыс беріп, отбасылық өмірлерін маңызды қадаммен бастады

Іле ауданының жас жұбайлары, жаңарған Қазақстанның жаңа отау иелері Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Жаңадан отбасын құрған жастар саяси оқиғамен қатар, өздерінің азаматтық жауапкершілігін білдіріп, ел болашағы үшін дауыс берді.

Олар осы қуанышты сәтте отбасын құрумен бірге, еліміздің болашағы мен тұрақтылығы жолында маңызды таңдау жасауды да жөн санағандарын жеткізді. Ақ көйлектегі қалыңдық пен классикалық костюмдегі күйеу жігіт сайлау учаскесінде бірден көпшіліктің назарын аударды. Жас жұбайлар учаскеге той киімдерін ауыстырмастан келіп, дауыс беру процесіне қатысты.

Ерекше образдағы жұпты учаскедегілер бірден байқап, сайлау комиссиясының төрағасы мен келген тұрғындар жаңа отбасына ақ тілектерін білдіріп, құттықтады.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Тойдың арасында сайлау учаскесіне де келіп үлгердік. Шынымды айтсам, бір күні қалыңдық көйлегімен дауыс беруге келемін деп ойламаппын. Енді бүгінгі күннен осындай ерекше суреттер де естелікке қалады», — деді Асия.

Жас жұбайлардың бұл қадамы учаскеге келген өзге де сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, жастардың азаматтық белсенділігін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button