Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Сайлау учаскесінде дәрігер қабылдауы ұйымдастырылып, 200-ге жуық тұрғын скринингтен өтті

Дауыс беру, УДЗ және бірнеше дәрігердің қабылдауы – барлығы бір жерде. 23 тамызда Іле ауданында Құрылтай депутаттарының сайлауына келген тұрғындар медициналық тексеруден де өтуге мүмкіндік алды. Бір күн ішінде 200-ге жуық адам скринингтен өтті.

«Денсаулық – зор байлық» медициналық акциясы аясында тұрғындарды офтальмолог, акушер-гинеколог және терапевт қабылдап, УДЗ зерттеуі жүргізілді. Тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасаумен қатар, денсаулығын тексертіп, мамандардан кеңес алды.

Ең көп сұраныс офтальмолог қабылдауы мен УДЗ зерттеуіне түсті. Тұрғындар көру қабілетін тексертіп, ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, нәтижесі бойынша дәрігерлерден қажетті кеңестер алды.

Акушер-гинеколог әйелдер денсаулығына қатысты тексерулер жүргізсе, терапевт тұрғындардың жалпы денсаулық жағдайын бағалап, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсынымдар берді.

Медициналық тексерулерді ұйымдастыруға дәрігер Эльмира Барынова жетекшілік етті.

— Бүгін офтальмолог қабылдауы мен УДЗ-ге сұраныс жоғары болды. Тұрғындар бірнеше маманға бір жерде қаралып, тексеру нәтижесі бойынша қажетті кеңестер алды. Мұндай профилактикалық тексерулер ауруларды ерте анықтап, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді, — деді Эльмира Барынова.

Жалпы, акция аясында 200-ге жуық тұрғын медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлердің кеңесін алды. Мамандар тұрғындарға денсаулық көрсеткіштеріне назар аударып, қажет болған жағдайда қосымша тексеруден өту жөнінде ұсынымдар берді.

Медициналық акция сайлау күні тұрғындарға қосымша мүмкіндік берді. Азаматтар бір жерде өз таңдауын жасап қана қоймай, уақытын тиімді пайдаланып, бірнеше маманның қабылдауында болып, денсаулығын тексерте алды.

Осылайша, кей тұрғын үшін сайлау учаскесіне бару тек азаматтық таңдауын жасау ғана емес, денсаулығына көңіл бөліп, қажетті медициналық тексеруден өтуге де мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button