Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Ұлттық ойын – елдік ынтымақ: Өтеген батырда 100-ге жуық тұрғын бақ сынады

Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Іле ауданы Өтеген батыр ауылында ересектер мен жеткіншектер ұлттық ойындарда бақ сынасып, азаматтық белсенділік пен ұлттық тәрбиенің жарасымын көрсетті. Тұрғындар асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, арқан тартыс, шахмат пен дойбыдан сайысқа түсіп, мергендік пен шапшаңдықты, логикалық есеп пен ұжымдық күшті сарапқа салды. Бірнеше буынның басын қосқан бұл алаңда ересектер балалық шағына саяхат жасап, жастармен бірге сайыстарға белсене араласты.

Танымал ойындар тек сайыс емес, ұмытылып бара жатқан бабалар дәстүрін жаңғыртқан тамаша шараға айналды. Ұлттық болмысымызды айшықтаған бұл бастама тұрғындардың ынтымағын арттырып, саяси науқан өтіп жатқан күнге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.



