Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Қонаевта Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.

Әлемдік аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген спортшы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, азаматтық таңдауын білдірді.
Шавкат Рахмонов – халықаралық аренада Қазақстанның атын танытып жүрген танымал ММА шеберлерінің бірі. Оның жекпе-жектері әлемдік ММА жанкүйерлерінің назарында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button