Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚЫДЫР ҚОНДЫ: БАЙКЕНТТЕ АМАНТАЙ АҚСАҚАЛ АҚ БАТАСЫН БЕРДІ

Қазақ «Қырықтың бірі – Қыдыр» дейді. Халық танымында Қыдыр ата – құт-берекенің, жақсылық пен молшылықтың символы. Құрылтай депутаттарын сайлау күні бұл көне таным Байкент ауылындағы №415 сайлау учаскесінде ерекше көрініс тапты.

Қыдыр ата кейпіндегі Бериков Амантай Ақанайұлы сайлау учаскесіне келіп, тұрғындарға ақ батасын берді. Алтай көшесі, 18 мекенжайында орналасқан учаскеде ақсақал тұрғындармен тілдесіп, сайлауға келген азаматтарға, әр отбасы мен елге амандық, тыныштық және береке тіледі. Кейін өзі де дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.

«Елімізде татулық пен келісім болсын, ел бірлігі нығайсын. Әр отбасына береке мен молшылық келсін, шаңырақтарыңыз аман болсын!» – деп ақ тілегін білдірді Амантай Ақанайұлы.

Ақсақалды тұрғындар ерекше ықыласпен қарсы алып, батасын алды. Кейбірі естелік суретке түсіп, бұл сәтті жақсылықтың нышаны ретінде қабылдады.

Осылайша, №415 сайлау учаскесінде азаматтардың таңдауы мен ақсақалдың батасы тоғысып, Байкент тұрғындарының есінде ерекше сәт болып қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button