Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

103 жастағы соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбаев өз таңдауын жасады

Іле ауданындағы 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Тәңірберген Толғанбаев Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, ел тарихының талай кезеңіне куә болған ардагер сайлау күні азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

103 жасқа келген Тәңірберген атаның дауыс беруі – елдік мәселеге бейжай қарамай, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетудің жарқын көрінісі.

Ел ағасы барша жұртқа бірлік пен тыныштық тілеп, ақ батасын берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button