Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Этномәдени орталық өкілдері сайлауда белсенділік танытты

Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №339 сайлау учаскесінде «Русский центр» этномәдени орталығының белсенді мүшелері дауыс беруге келді.

Этномәдени орталық өкілдері азаматтық белсенділіктерін танытып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға өз үлестерін қосты. Олар сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындады.
Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Осы ретте түрлі этнос өкілдерінің сайлауға қатысуы қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің маңызды көрінісі.
№339 сайлау учаскесінде дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен өтіп, сайлаушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. «Русский центр» этномәдени орталығының белсенді мүшелері де сайлау науқанына қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button