Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«Белсенді ұзақ өмір» мүшелері Құрылтай сайлауында дауыс берді

Іле ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір» ұйымының мүшелері Өтеген батыр ауылындағы №354 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауларын жасады.

Аудандағы аға буын өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірген ұйым бүгінде қарттардың бос уақытын тиімді өткізіп, белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік беріп отыр.

Мұнда зейнеткерлер шахмат ойнап, ән айтып, би билеп, фитнеспен айналысады. Түрлі мәдени және спорттық шараларға қатысып, бір-бірімен араласып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізеді.

Сайлау күні де ұйым мүшелері белсенділік танытып, №354 сайлау учаскесіне бірге келді. Олар өз таңдауларын жасап, кейінгі ұрпаққа азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

«Белсенді ұзақ өмір» ұйымы аға буын өкілдері үшін тек бас қосатын орын ғана емес, белсенді өмір сүріп, шығармашылықпен және спортпен айналысатын ортақ шаңыраққа айналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button