Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Ел игілігі – басты мұрат: Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Түймелиев өз таңдауын жасады

Қазақстандық қоғам қайраткері, кәсіпкер, меценат және Алматы облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Лесұлы Түймелиев азаматтық ұстанымын білдіріп, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Еңбек жолы мен өмірінің елеулі бөлігі Іле ауданымен тығыз байланысты өңір өкілі белгіленген тәртіпке сай өз таңдауын жасады.

Кәсіпкерлік салада 1998 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Түймелиев бұған дейін Іле аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты болған. Аудан халқымен етене араласып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қайырымдылық пен қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына белсене үлес қосып келеді.

«Ел болашағы – әр азаматтың белсенді ұстанымынан басталады. Сайлау – халықтың өз пікірін білдіріп, ел ертеңіне қатысты шешім қабылдайтын маңызды сәт. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек», – деді ол.

Меценаттың пайымынша, мемлекет дамуы тек экономикалық жетістіктермен шектелмейді. Береке-бірлік, халықтың әл-ауқаты мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі – тұрақтылықтың негізгі діңгегі. Оның басты ұстанымы – елге адал қызмет ету және келер ұрпаққа кемел мемлекет қалдыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button