Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

⚽️ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ

Іле ауданында футболдан аудан чемпионатының 17-тур ойындары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтті.

17-турда командалар арасында тартысты ойындар ұйымдастырылып, келесі нәтижелер тіркелді:

🔹 «Ақши» — «Байсерке» 1:4
🔹 «Өтеген батыр» — «Қараой» 1:2
🔹 «Ақсай» — «Боралдай» 3:0
🔹 «Асқар Тоқпанов» — «Ащыбұлақ» 3:0

«Байкент» командасы 17-турда демалды.

Енді чемпионаттың соңғы, 18-туры қалды. Биылғы чемпионның тағдыры дәл осы шешуші турда анықталады. «Ақсай» мен «Байсерке» командалары чемпиондық атақ үшін өзара бақ сынайды.

🏆 Бір маусымдық тартыстың нүктесін қоятын шешуші ойын алда!

Барша футбол жанкүйерлерін командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз!

«Заң мен тәртіп» — қауіпсіз әрі әділ спорттық ортаның негізі!

Басқа жаңалықтар

Back to top button