Заң мен тәртіп

«Заң мен тәртіп» — бұл жай ғана ұран емес, қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қағида. Заң талаптарын сақтау, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету — мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі — заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Заң алдында барлығы тең болуы тиіс. Әрбір азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, өзгенің құқығы мен бостандығын құрметтеуі қажет. Бұл — қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершіліктің берік негізі.
«Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен күнделікті өмірден көрініс табуы керек. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, құқық бұзушылықтардың алдын алу — осының барлығы аталған қағиданың нақты көрінісі.



