«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша семинар-жиын өтті

2026 жылғы 10 қыркүйекте Іле ауданы әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы бойынша семинар-жиын өтті.
Жиынға Іле ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедғәріп Ниязұлы Құрманғалиев, «Әділет» партиясының республикалық Жобалық кеңсесінің өкілі, Жетісу және Алматы облыстары бойынша бағдарлама жетекшісі, кооперативтерді үйлестіруші Бералиева Айгүл Жұмақожаевна, сондай-ақ «Әкімдер мектебі» жобасының лекторы, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің үйлестірушісі Буханов Әлібек Төлеуболатұлы қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасының талаптары, шағын несие алу мүмкіндіктері, жобаларды іске асыру бағыттары және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, бағдарламаны тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.



