Аудан жаңалықтары

«Ауыл болып кітап оқимыз, зерделі ұлт болып қалыптасамыз»

Кітап-адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқыған адам өз ойын еркін жеткізіп, дуниеге кең көзқараспен қарайды. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру-қоғамның, әсіресе жас ұрпақтың болашағы ушін маңызды міндет. Осы тақырып аясында Асқар Тоқпанов ауылдық кітапханасы «Ырыс» өнер орталығына барып қайтты. «Ырыс» өнер орталығының мәдениет қайраткері Келгенбай Әділұлының қатсуымен өткізілді.Өте керемет пікір алмасу болды.Білім алушылары да оқыған кітаптары мен бөлісті. Мақсатымыз жас ұрпаққа кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітап оқу арқылы біз тарихымызды танып, ұлттық құндылықтарымызды бағалаймыз. Зерделі ұлт болу-білімді, мәдениетті, ойлы ұрпақ тәрбиелеуден басталады.«Ауыл болып кітап оқимыз, зерделі ұлт болып қалыптасамыз» деген ұстаным-ел болып білімге ұмтылудың жарқын көрінісі.Кітап оқитың ауыл, кемел болашақтың кепілі. Кітап оқитың ұлт болашағына сенімді қадам жасайды. Кітап керуені тоқтамасын, ауылымызда кітап оқитың оқырмандар көбейсін! Бұл шара-кітап арқылы білімді ұрпақ тәрбиелеу, рухани байлықты арттыруға бағытталған игі бастама.

Кітап-білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың қазынасы. Кітап керуені арқылы біз кітапты оқырманға жақындатып, әдебиетті адам өмірімен байланыстыруды мақсат еттік.

Адилова Алмагул,
Асқар Тоқпанов ауылдық кітапхана кітапханашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button