Без рубрики

КӘСІПКЕРЛЕР – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ!

«Әділет» партиясы Іле аудандық филиалының «Фирма Бент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Дінмұхамед Кузиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті өркендету, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынға қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігіне, кәсіпкерлердің ел экономикасын дамытудағы рөліне, қоғамдық белсенділік пен ортақ іске атсалысудың маңыздылығына тоқталды.

Президент Жолдауын талқылау – ел дамуының басым бағыттарын түсініп, алдағы міндеттерді бірлесе айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Басқа жаңалықтар

Back to top button