Қоғам

«Жетісу — адалдық алаңы»

Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиев «Жетісу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті. Онда болған қабылдауда: кітаптар шығару, мүгедектерге арналған инклюзивтік телевидениені іске қосу, қазақ эпосының батырлары (Алпамыс батыр, Қорқыт ата, Ертарғын) туралы анимациялық жобаларды іске қосу туралы және тарихи қайраткерлерге ескерткіш орнату, әкім гранттары және қуыршақ театрын ашу мәселелері қозғалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылуы жоспарда бар.

Сонымен қатар, алдағы уақытта кесте бойынша облыстық басқармаларының басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына қабылдау жүргізеді.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары Сіздер «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне маңызды мәселелер бойынша жүгіне аласыздар. Біз Сіздерге заң шеңберінде дұрыс шешім табуға қол ұшын беруге дайынбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button