Алматы облысында 47 жолаушыны тасмалдаған автобус аударылды
Бүгін Алматы- Өскемен тас жолының 462 шақырымында 45 жолаушыны Алакөл көліне жеткізбек болған комерциялық автобус аударылды. 3 жолаушыға медециналық көмек көрсетілген,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 06:15 те орын алды. Автобустың ішінде 2 жүргізуші 45 жолаушы болған. 16 жолаушы әр түрлі дене жарақатын алып, Сарқан аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Үш жолаушы жан сақтау бөліміне жатқызылса, травмотология бөліміне 5 адам әкелінген. Қазіргі таңда ауруханаға жатқызылған жолаушылар өздерін жақсы сезініп өз сапарларын жалғастыруда. Жолаушылар ішінде 16 бала, 29 ересек адамдар болған», — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Оқиға себептері автобустың қосалқы бөлшектері істен шығып, жүргізуші көлікке ие бола алмай жол жиегіне шығып кетіп, сол жақ қанатына аударылып кеткен. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 2-тармағына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары басталды.