Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗнай нашихҚоғам

КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МЕРЕЙЛІ ЖАСЫ

1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен Қызметтік иттер орталық питомнигі бөлек әскери бөлім болып қызмет істей бастады.

2000 жылдың 6 қазанынан бастап 2125 әскери бөлімі заңды тұлға ретінде тіркелді. Кинологиялық орталықтың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауда Шекара қызметінің бөлімдерін бірлестіктері мен арнайы құрылымдарын қызмет иттерімен қамтамасыз ету және олардың нұсқаушыларын оқытып, үйрету болып табылады.

Сонымен қатар:

— қызмет иттерін бағып, өсіру бойынша оқу-жаттығу әдістемелік бойынша жетекшілік жасау;

— жоғарғы жұмыстық, мүсіндік жағынан сапалы асыл-тұқымды қызмет иттерін өсіру, асыл-тұқымдылық жұмысты жетілдіру;

— жарылғыш заттарды, қару-жарақты және есірткі заттарын іздейтін қызмет иттерін дайындау;

— мемлекеттік шекараны күзету және із кесу, іздеу мақсатында қызмет иттерін дайындау;

— Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің барлық құрамалары мен бөлімдері үшін қызмет иттерінің нұсқаушыларын дайындау.

Тағы да айтуға тұрарлық жайт 2004-2006 жыл аралығында Еуропа қауымдастығы бағдарламасы бойынша/БҰҰДБ бойынша БОМКА КАДАП бағдарламасы бойынша Орта Азия мемлекеттерінде шекараларды басқару және есірткі заттарын таратудың алдын алу мақсатында жұмыстар жасалған.

Осы бағдарлама төңірегінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Кинологиялық орталығы материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге байланысты көмек алды. 2005 жылдың 7 ақпаны мен 29 сәуірі аралығында БҰҰ Орта Азия мемлекеттеріне арналған БОМКА КАДАП бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған 1-ші кинологиялық Халықаралық тренинг және 2015 жылдың 5-7 тамыз аралығында ТМД мемлекеттерінің арасында үздік кинолог маманын анықтау мақсатында жарыс осы Кинологиялық орталығында өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша ҚР-ның командасы І-ші орынға ие болды.

Бұл жарыс-тренингтің негізгі міндеттері:

  1. Қызметтік-іздестіру иттерін өсіру, күту бойынша нұсқаушы-кинологтармен алғашқы дайындық оқу курсын өткізу.
  2. Есірткі заттарын іздеуге қызмет иттерін дайындау.
  3. Тәжірибелік оқытуға нұсқаушылар дайындау.
  4. Орталық Азия мен ТМД мемлекеттерінің кинологиялық қызметтері өкілдерінің арасындағы аймақтық татулықты нығайту.

Қазіргі таңда Орталық питомник қызмет иттері бойынша іс-шараларды жан-жақты жетілдіріп, иттерді өсірумен айналысатын басқа да құрылымдар мен бірлестіктер, жеке кинологиялық ұйымдармен сондай-ақ Батыс Еуропа елі Австрия және Көрші Ресеймен тығыз қарым-қатынаста.

Кинологиялық орталықта Қызмет иттеріне стационарлық алаңмен қамтамасыз етілді, атап айтсақ:

— транспорттық құралдарын тексеру алаңы;

— темір жол құрамын тексеру алаңы;

— әуе жолдары құралдарын тексеру алаңы;

— заттарды тексеру және авто көліктердің жүк салғыштарын тексеру алаңы жасалды.

Міне осы әскери бөлімнің құрылғанына 22 жыл толып отыр.Бөлімде салтанатты іс-шаралар өткізілді. Осыған орай әскери бөлім жеке құрамы арасында көптеген іс-шаралар аталып өтті. Мысалы: «Әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік жолы» атты бөлімшелер арасында қабырға газетін шығару конкурсы; «Қызметтік иттердің түрлерін тап» интеллектуалды викторинасы сияқты жиындар өтті.

«ҚР ҰҚК ШҚ КО дамуы мен тарихы» тақырыбында тематикалық кеш жүргізілді, конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған бөлімшелер бөлім командирінің бұйрығымен марапатталды.

Салтанатты іс-шараға әскери бөлімнің ардагерлер қауымы шақырылып, сый-құрмет көрсетілді. Бөлімнің аумағында экскурсия жасалып, фото-суреттерге түсті. Салтанатты іс-шараның соңында әскери бөлімнің жеке құрамның асханасында ас мәзірі әзірленіп, қошемет көрсетілді.

Ардагерлерге жеке құрамның атынан сыйлықтар дайындалып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Қызметтік иттерінің орталық питмомнигі ҚР Қарулы ведомстволарының және шетелдік қызметтік иттері мамандарымен есірткі заттарын табу және іздестіру бойынша қызметтік иттерді әзірлеуде әртүрлі бағыттағы семинарларға белсенді түрде қатысты және ит асыраушылықта сырт бітімі және жұмыс сапасын жоғары деңгейде көрсетуде өткізілетін көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Н. КАЙБАЛДИН, майор

Басқа жаңалықтар

Back to top button