ГҮЛНАЗ ҚАЖЫҒАЛИЕВА ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ЕҢ СҰЛУ ҚЫЗЫ АТАНДЫ
Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен аудандық Мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ілеге тән сұлулық» атты ұлттық құндылықты насихаттау, қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік негізінде тәрбиелеу мақсатында аудандық «Іле ханшайымы» байқауы өтті.
Шараның шымылдғын аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі А. Абдрахманов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Арулардың орындаған әнімен қатар мың бұралған биін де халық сүйсіне қарап, шынайы бағасын беріп отырды. Көмейінен бал тамған өнерлі қыз байсеркелік Гүлназ Қажығалиева өз таныстыруын домбырамен нақышына келтіре орындап беріп, қазылар алқасын таңдандырды. Сән-салтанатымен сахна төріне шыққан сұлу қыздарымыздың бәрі де алғашқы кезеңде бірінен-бірі оза шауып өнер көрсетті. КазЦИК ауылынан келген аруымыз Ұлжан Сыдықова болашақ ана ретінде және қаракөз қыздардың шалыс басып тағдырдың тәлкегінен кейін тастанды баланың рөлін сомдады. Осы көріністі Ащыбұлақ округінен келген ару Мөлдір Нұржаубаевада қалыс қалмай осы тақырып төңірегінде «Әйел бақыты» атты өз монологын оқыды. Бірі өз шығармаларымен тәнті етсе екіншілері өнерлерімен алға озды
Байқау қорытындысына сәйкес (бас жүлде) атағын сонымен қатар 50000 теңігелік сертификатты Байсерке ауылдық округінен Қажығалиева Гүлназ атанды, 1 орынды Казцик ауылдық округінен келген Сыдықбаева Мадина, 2 орынды Ащыбұлақ ауылдық округінен Нуржаубаева Мөлдір, 3 орынды Энергетик ауылдық округінен Махмуд Қарлығаш иеленді.
Өз тілшіміз