Барлығы 12859: Қазақстанда тағы 165 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте індеттен 241 адам емделіп шықты, 3 адам көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулікте 165 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті.
Өсім 1,3% құрады.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы — 32 (1,1%)
Нұр-Сұлтан қаласы — 24 (1,0%)
Қарағанды облысы — 18 (1,6%)
Алматы облысы — 15 (3,5%)
Шымкент қаласы — 14 (1,5%)
Батыс Қазақстан облысы — 13 (1,6%)
Атырау облысы — 11 (0,9%)
Павлодар облысы — 11 (4,3%)
Жамбыл облысы — 7 (1,7%)
Шығыс Қазақстан облысы — 5 (2,7%)
Түркістан облысы — 5 (1,3%)
Қызылорда облысы — 4 (0,9%)
Маңғыстау облысы — 3 (0,9%)
Қостанай облысы — 2 (1,0%)
Ақмола облысы — 1 (0,6%) адам.
Жалпы, өткен тәулікте республика бойынша COVID-19 вирусынан 241 адам емделіп шықты. 3 адам қайтыс болды.
Елімізде қауіпті індетке шалдыққандар саны – 12 859, емделіп шыққандар – 7 376, қайтыс болғандар – 56.