Бүкіләлемдік саяхат және туризм кеңесінде қажетті қауіпсіздік «мөрін» алған елдер мен қалалар аталды.
Денсаулық сақтау және гигиеналық қорғау сапасын реттейтін жаңа хаттамаларды Дүниежүзілік туристік ұйым бекіткен сәттен бастап Түркия, Болгария, Ямайка, Маврикий, Онтарио (Канада), Португалия, Сауд Арабиясы және Мексиканың Төменгі Калифорния, Сур және Юкатан бағыттары хаттаманы алды.
Сондай-ақ Барселона, Канкун, Мадрид және Севилья туристер үшін қауіпсіз деп танылды.
Бұл елдер мен қалаларда WTTC Safe Travels арнайы қауіпсіздік хаттамалары енгізілген. Олар саяхатшылардың денсаулығын сақтау және гигиена стандарттарын арттырады.