Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтары
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты
Тәуліктік өсім 2,6 пайызды құрап отыр
Елімізде 15 маусым күні COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 383 адам тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.
Осылайша Қазақстанда ағзсанынан коронавирус табылған науқастар саны 15 192 адамды құрап отыр.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 104 (3,8%)
- Қарағанды облысы — 50 (3,3%)
- Алматы қаласы — 34 (1,1%)
- Павлодар облысы — 34 (9,7%)
- Шымкент қаласы — 25 (2,2)
- Батыс Қазақстан облысы — 24 (2,5%)
- Маңғыстау облысы — 18 (4,7%)
- Атырау облысы — 14 (1,1%)
- Қостанай облысы — 13 (5,9%)
- Алматы облысы — 12 (2,3%)
- Ақмола облысы — 10 (5,1%)
- Түркістан облысы — 10 (2,2%)
- Ақтөбе облысы — 10 (1,9%)
- Жамбыл облысы — 9 (1,8%)
- Қызылорда облысы — 7 (1,4%)
- Солтүстік Қазақстан облысы — 6 (5,4%)
- Шығыс Қазақстан облысы — 3 (1,1%)
Жалпы республикада 9388 адам ауруынан айығып шықса, қайтыс болғандар саны 81 адамға жеткен.