Басты ақпаратҚоғамМерекелер

ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТТЕРІҢІЗ — ХАЛЫҚҚА!

Іле ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Қарасаевтың құттықтауы

Құрметті
Іле ауданының мемлекеттік қызметшілері!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың айбынын асырып, абыройын асқақтату. Әрбір өркениеттің биігіне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел беделін биікке шығаратын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Олардың жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметші, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені анық. Бұл саладағы әр қызметкердің білімі, халықпен жұмыс жасай білу дәрежесі мен ішкі және сыртқы мәдениеті, тіпті, қызметтен тыс уақыттағы жеке өмірлік ұстанымдары немесе дағдысы, қызметшінің әр қимыл, іс-әрекеті елімізді өзгелерге танытып, айшықтап, анықтайтын айнасы іспетті. Мемлекеттік қызметші болу төзімділікті, ыждағаттылықты талап етеді. Алдыңа келген әр азаматпен тіл табысып, оның мұң-мұқтажымен сауал-сұранысына жауап беру, оны мазалаған тіршілікпен біте қайнасу өте маңызды.

Құрметті әріптестер!

Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолындағы ерен еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button