Іле таңы қоғамдық -саяси газетінің жаңалық порталы
Басты бет
Басты бет
ru kz
Іле аудандық қоғамдық – саяси апталық
Басты бетЖаңалықОбществоАРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
12 Қазан 2018

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың қазан айының 3 жұлдызында «Прогресс» политехникалық колледжінде «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен дайындалған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» – деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай, студияның құрметті қонақтары Құрманбаева Шакура Мамаділқызы және Әбиева Ұлдан Әбиқызы, сонымен қатар осы колледжіміздің ардагер ұстазы Жоламанова Сара Өтесінқызы болды. Кездесуде қонақтарымыз еңбек жолындағы мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты қалай таңдағандары жайлы, еңбек еткен жылдары естерінде қалған қызық оқиғалар туралы әңгіме етті. Сонымен қатар, «Еркін микрофон» бөлімінде студенттердің қойылған сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісті.

Әр түрлі ойындар ғылымының докторы, Әмір қонақтармен ойын ұйымдастырып, бір сергітіп алды. Ардагер ұстаздар өнерлі студенттердің өнерлерін тамашалады. «Жайдарман» клубының мүшелері өздерінің қызықты әзілдерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға гүл шоғымен естелікке студенттердің қолынан шыққан сыйлықтар табысталды.

Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектері зор ардагер ұстаздарға: «Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, мерейлеріңіз әрқашан үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!», – демекпіз.

Автор: Ш. МАРАЛБЕКОВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары