Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКүшіміз Бірлікте!Қазақстан жаңалықтары

АПАТТЫҚ АЙМАҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРУ ТОҚТАМАЙДЫ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін Алматы облысы, Іле ауданының кәсіпкерлері мен ірі кәсіпорындары гуманитарлық көмек жинап,  тасқын судан зардап шеккен өңірлерге жолдады.

Алматы облысының «Күшіміз-Бірлікте» еріктілері су тасқынынң алғашқы күнінен бастап,  230 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинаған. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 130 тонна, Атырау облысына 40 тонна азық түлік жіберілген.

Алматы облысынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберу жұмыстары белсенді жалғасуда, қазір гуманитарлық көмектің үшінші партиясы жіберілді.

Бүгінгі күні Өтеген батыр ауылынан Атырау облысына, гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберуге дайындалып жатыр. Өз кезегінде зардап шеккендерге мұздатылған ет өнімі түрінде «Алель Агро» акционерлік қоғамы 18 тонна, «Алатау құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 тонна, «Наурыз Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12,5 тонна, «Атлант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 тонна «Сарыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 450 қорап жұмыртқа көмек көрсетті. Сонымен қатар, «ШинЛайн» 20 млн қаржылай көмек және «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамымен бірлесіп  «Шин-Лайн» компаниясының макарон өнімдерінің 86 мың қаптамасын (40 паллет) гуманитарлық көмек ретінде жіберуге дайындап жатыр. «Джи Ти Ай» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі  15 млн. теңге, «Боралдай нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2 тонна ұн бөлсе, аудан тұрғындары, еріктілер, ауданымызда тіркелген этномәдени бірлестіктер 3 газель гуманитарлық көмек жіберді. Жедел штабтың іс-қимылын үйлестіруге Алматы облысынан 120 құрылыс техникасы жіберілді. Оның ішінде Іле ауданынан 11 техника  жұмылдырылды. «Маревен Фуд Тянь Шань» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері  5 тонна тез дайындалатын азық-түлік дайындады. Өнімнің жалпы көлемі шамамен 61 тонна.

– Бәрімізге белгілі қазір еліміздің бірқатар аймақтарын су басып жатыр. Қолдау көрсету бойынша қайырымдылық іс-шарасы Алматы облысының «Күшіміз-Бірлікте» еріктілер фронты кеңсесі аясында ұйымдастырылды. Бұл біздің су тасқыны жүріп өткен өңірлерге жіберген ауқымды көмектеріміздің үшінші этабы. Осы уақыт аралығында  250 тонна гуманитарлық көмек берілді, 170 жіберілді оның 130-і Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына, 40 тоннасы Атырау қаласына көмек берілді. Бүгін міне 61 тонна азық-түлікті Атырау қалаына жіберіп отырмыз. Азық-түліктен бөлек Алматы облысы әкімінің басшылығымен 170 техника жіберілді. Алматы облысының ірі кәсіпорындары «Қазақстан халқына» және Қазақстан демеу қорларына 50 млн-ға жуық қаржылай көмек аударылды. Облыс көлемінде 500 – ге жуық еріктілер жұмылдырылып, көмектесіп жатыр. Біз бұл жұмыстарды сол елді мекендерді қалпына келтіргенге дейін қарастыратын боламыз. Қарғын суға қарсы барлық іс-шараларда және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша мүмкіндігінше көмектесеміз, – деді Іле ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Мамбетжанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button