Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
ГлавнаяНовостиОбществоЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ...
12 Мая 2018

ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ...

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қай жерде пайда көзі болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Республика Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуын-дағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауын-да ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес

жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Осы мақсатпен «Прогресс» политехникалық колледжінде «Жемқорлықсыз ел, гүлденген ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрайымы Абилова Роза Михайлкизи, «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Тельпекбаева Жанна Тлеубековна, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы консультанты Бекмухамбетова Жансая Геннадьевна, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Қымбат Құрманжанова және студенттер қауымы қатысты. Әрбірі өз ойларын білдіріп, пікір-талас құрды. Жиында бірінің сөзін бірі іліп алып, ауданымызда болып жатқан жаңалықтарда ешқайсысы бейхабар еместігін көрсетті. Тіпті, жемқорлыққа қарсы қандай жұмыстар жасалуы керектігінде сөзге тиек етті. Бұнда тақырыпқа байланысты видеолар көрсетіліп, ондағы жағдайлар талқыға түсті.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, 3-курс студенті Айым Ниетжанова шараны қорытындылап, Қазақстан – көпұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет екендігін айтты.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар халқымызда. Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкер. Жүріп жүрген ортасына байланысты өзгереді. Барлық шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Сондықтан, әрбір азамат осы мәселеге аса мән бергені абзал!

 

 

Автор: Айжан САТЫМХАН