Новостной портал общественно-политического еженедельника "Иле-Таны"
Главная
Главная
ru kz
Илийский районный общественно-политический еженедельник
30 Августа 2018

ТАБЫСЫМЫЗДЫ ЕСЕЛЕЙ БІЛЕЙІК

Осының бәрі – тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы ел бірлігін қасиет тұта білгендігіміздің арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік. Ел иесі қазақ халқының маңына ұйысқан барша этностар оны жоғары бағалайды. Мен этномәдени бірлестіктерге де айрықша ризашылық білдіремін» – деп бастауы осының айғағы. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – бұл қоғамның әлеуметтік бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісінің ауқымды тұғыры.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің төртінші бастамасында «Шағын несие беруді көбейту» туралы айтылған. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырылған. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді.

«Өткенге қарап, ертеңіңді түзе» деген өсиет бар, себебі, өткеннің өнегесі – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. Осыны жадыңда тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде. Табысымызды еселеп, Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек. Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп, барша ұлыстардың ұйытқысы болып, өзгеге өнеге көрсете білейік. Сонда ғана, халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп, дами береді. Осыны үнемі есте тұтып, тың міндеттерді тындырымды жұмысқа ұластырайық!

Автор: Ғ. НҰРМҰХАНБЕТОВ, №9 орта мектептің директоры