Алматы облысының жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

Алматы облысында өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған жобалар жүзеге асуда

Алматы облысының «Jetisy media» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің трансформациясы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Данияр Тұрғанбаевтің айтуынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі Агенттікке бөлінді: ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жаңа бағыттарына сәкес трансформациясы жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа жұмыс бағытына өте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және нығайту жөніндегі жұмыстарға көшуде.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бастамалары анық айқындалған құндылықтар призмасы арқылы іске асырылатын болады. Бұл – әділдік, сенім және парасаттылық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жаңа құрылымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдылығын көрсетеді. Сондықтан осы бағытты күшейту үшін қоғамның қазіргі жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, үш жаңа департамент құрылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда, Агенттік және оның аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бизнес пен инвесторды қолдауға арналған «Protecting Business and Investments», өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ», жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Саналы ұрпақ», темір жолдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға арналған «Адал жол» жобалары жүзеге асырылуда.

Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарын тарту мақсатында Арнайы мониторинг топтары қызмет етуде. Бүгінгі күнде олар жоғары оқу орындар мен колледждердің студенттерді мемлекет есебінен грантқа қабылдау емтихандарына мониторинг жүргізуде.

Жалпы, ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменттің 9 айдағы қызметінің қорытындысының көрсеткіші бойынша жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 112 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 66,1%-і немесе 74-і сыбайлас жемқорлық болып табылады.

Қылмыстың негізгі бөлігін парақорлық (63 немесе 85,1%) фактілері құрайды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша аңықталған залал сомасы 24,5 млн. теңге құрайды, оның 98%-ы немесе 23,9 млн. теңгесі мемлекет кірісіне өтелді.

Сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін 51 адам, оның ішінде 9 бірінші басшылар қылмыстық жазаға тартылды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің (салық қызметінде), сондай – ақ Алматы облысы кеден қызметіндегі тауарды әкелу кезінде шекарадағы кедендік тексеру рәсімдері әлі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалардың бірі болып табылады. Салық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық залалдануы 27,3% құрайды, кеден қызметі бойынша — 19% құрады. Өз кезегінде, салық саласы бойынша ақшалай сыйақының орташа мөлшері 108 мың теңгені, ал кеден саласы бойынша 74 мың теңгені құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button