Дін және қоғам

ІШІҢНЕН ДАУ ШЫҚПАСЫН

Қазақта «Сыртында жау болмасын, ішінде дау болмасын» деген аталы сөз бар. Ішіңнен дау шықса жауың бас көтерер. Ол еліміздің қуатын әлсіретеді, жаулардың бүлдіруі әрекетіне жол ашады. Оған айғак көрші Қырғызстан, Украина сняқты мемлекеттердегі жағдайдан көріп отырмыз. Сондықтан да атам казак «Ырыс алды – ынтымақ» деп бірлікте, татулықта өмір сүруді аманат етті. Кикілжің, ұрыс-керіс бар жерде беркелі еңбек, мәнді де сәнді тіршіліктің болмайтыны анық Осыны түсінген қариялар «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп болған келеңсіздікті жүрекке жинамай, кеңшілікпен қарап, кешірімді болуға, өкпені ұмытуға шақырған.

Олай болса Қордайдағы дүнген ағайындармен болған қақтығыстың отына май кұймай, байыппен қарап, сабырлық сақтап, аға ұлт ретінде кешірімділік танытайық.

Әрбір мемлекетті құрушы ұлт болатыны айғақ болса, бүгінгі Қазақстанды құрушы – қазақтар сондықтан жердің иесі, елдің киесі, тарихтың куәсі біз болғандықтан ағалық танытып, тентектерді жөнге салып, түсінбегендерге түсіндіру, кінәліні заңмен жазалау біздің еншімізде. Өз мемлекетіміздің аға ұлты бола тұрған біздерге әсіресе жастарға ағалыққа тән қажыр мен қайрат, білім мен ақыл ең бастысы сабырлы болу мәртебесін талап етеді. Біз ұлтымыздың қонақжайлылығын ғана танытып қоймай, дәстүрімізді, салтымызды, тілімізді ыждағаттылықпен басқаларға үйрете білуіміз керек. Осы істерді болашақта атқарар қазақ жастары жасампаз, жаңғыртушы болуы міндетті. Қазақта сөз бар: «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» дейді. Біреудің тентегіне бола елімізде, қазақ жерінде орналасқан құндылықтар кімдікі болса да оны қиратуға емес, өзіміздің қажетімізге жарата білуге тиіспіз. Өйткені, ол құндылыктар біздің елде, біздің жерде қалады.

Жастық албырттық, тасыған жігерді ақылмен пайдаланбаса жарға жығары анық. Сондықтан, аудан жастарын сабырлық танытып, өткен оқиғаны ой елегінен өткізіп, «Бәрі де біздікі, бәрі де қазақ елінікі» деп қызбалыққа салынбай, тоқтау танытайық.

Биылғы Абай жылының басты ұраны ұлттық бірлік, ұлтаралық бірлік. Достығы мықты ұлт елінің іргесі сөгілмейд, ішінен дау шықпайды. Ұлы даланың, Мәңгілік елдің егесі қазақ жастары елімізді, жерімізді көркейту сенің перзенттік парызың. Парызға ақылмен, адалдықпен, имандылықпен қарайық жастар!

 

Мақсат СЕЙДАЛИЕВ, Энергетический ауылдык округі Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button