Аудан жаңалықтарыРухани Жаңғыру

Ақмола облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімі аппаратының фронт-кеңсесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың аудан әкімі Алпысбай Қайыржановпен бірге азаматтарды қабылдауы өтті.

Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, жолдар салу мен әлеуметтік маңызы бар нысандар саласындағы мәселелер толғандырды.

Мысалы, азамат Олег Головко жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру мәселесі бойынша өтініш білдірді. Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев пен аудан әкімі бүгінгі күні осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ақкөл қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте барлығы 1658 адам тұр, оның ішінде азамат Олег Головко. Ағымдағы жылдың басынан осындай 107 жер учаскесі берілді. Барлық өтініштер кезек тәртібімен қаралады.

Мұрат Төлеубаев бала бақшаға орын беру туралы мәселені айтқан ауданның тұрғыны, үй шаруасындағы әйел Бақытгүл Санатайға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі мекемеге кезекке қою және орын алу кезінде akmola.kz сайтында автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді деп жауап берді.

Бірыңғай электрондық кезек үшінші тұлғалардың қатысуын болдырмауға мүмкіндік береді, өйткені компьютер өзі бос орын беріп, ата-анаға баланы қандай да бір балабақшаға беруге дайындығын растау ғана қалады. Бұл сервис ата-аналарға ЭЦҚ болған жағдайда балаларды онлайн режимінде өз бетінше тіркеуге және кезектілік барысын бақылауға мүмкіндік береді. Жүйеде балабақшада кезектен тыс және бірінші кезекте орын алудың жеңілдікті топтары да қарастырылған.

Әр қаралған өтініш бойынша тиісті түсініктемелер берілді, азаматтардан түскен барлық сұрақтар мен өтініштер бақылауға алынды.

Бұдан басқа, азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Саll-орталығының нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігі туралы хабардар етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Департамент басшылығының Ақмола облысының аймақтарындағы азаматтарды көшпелі қабылдау тәжірибесі тұрақты түрде өткізіледі.

 

баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button