Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыЦифрлы Қазақстан
Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе?
![](https://ile-tany.kz/wp-content/uploads/2020/02/6649abf9-97ed-47e7-8491-54a82d8cf94d-300x169-1.jpg)
❗Бұл қызмет egov.kz электронды порталы және телеграм бот EgovKzBot2 арқылы қолжетімді.
Ол үшін:
✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе телеграм бот EgovKzBot2 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз;
✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз;
✅ЖСН нөмірін енгізіңіз;
✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз;
✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс.
❗ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті.