Тұлға

АБАЙДЫ ОҚЫ ЕРІНБЕ

Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен сабақтасып, кейінгі ұрпақ үшін құнды рухани мұраға айналды. Ауданымыздағы білім беру ұйымдарында қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар онлайн түрде өткізілуде. Сондай әсерлі шараның бірі – №41 орта мектепте өткен «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби кеш. Сонымен қатар, №23 орта мектеп ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты конференцияның да алар орны ерекше. Мұнда «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Қараңғы түнде тау қалғып» секілді Абай атамыздың музыкалық шығармаларын қазақ халқының осы ән өнерінің алтын сандығын толтырып қана қоймай, оған ерекше серпінді әуез, бай мазмұн, жаңа ырғақ, түр беріп, ұлттық музыкамыздың шығар биігін аспандата түскені туралы ой қозғады. Іс-шараға 30-дан аса оқушы қатысты. Сонымен қатар, 8-10 сынып оқушыларына «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты дәріс оқылып, спорттық іс-шаралар жыл бойына өткізілуде. Бұл дәрісте Абайтану туралы кіріспе сөзден кейін, Абайтанудың мектеп бағдарламасында оқылуын үш кезеңге бөліп қарайтыны баса айтылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, «Бала Абай», «Ақын Абай», «Хакім Абай» деп кезең-кезеңмен түсіндіріп өтті. Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармалары қазақ халының асыл мұрасы болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойған болатын. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әлеуметтік желілерде де Абайды дәріптеп, шығарамасынан үзінді оқитын «challenge» басталды. №21 орта мектепте Қазақтың ұлы ойшылы,
бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойына орай, ақынның ғибратқа толы, ауқымды мұрасын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында Абай өлеңдерінен жыр эстафетасы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Абай Шығыс пен Батыстың мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Ендеше ұлы ойшылдың болашаққа қалдырған мол мұрасын дәріптеу – біздің міндетіміз. Қазақ елі барда Абай мәңгі тірі.

Н.МОМБЕК

Басқа жаңалықтар

Back to top button