ЕЛІНІҢ АРДА АЗАМАТЫ ЕДІ
Қазақстан спорты орны толмас қазаға душар болды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті, еліміздің арда азаматы Қайрат Болатұлы Тұрлыханов өмірден озды. Маған туған ағам сияқты еді. Алғаш үйленгенде қамқорлығына алып, тойымыздың төрінде отырып, ақ батасын берген болатын. Әттең, дүние жалған деген… Алғаш жұмысымды Дәулет ағадан бастап, кейін Қайрат аға басқарған ауыр атлетикада 4 жыл еңбек еттім. Қайрат ағам ауыр атлетика федерациясын басқарып тұрған кезеңдер федерацияның жұлдызды шағы деуге болады. Әлемде, ел алдында да абыройы асқан шақ еді… Асыл ағам-ай, алтын ағам-ай!!! Жүрегімнің бір бөлшегі үзілгендей болды-ау… Ердәулетке әке едіңіз ғой! Жан ағам, жәнәтта нұрыңыз жарқырасын!
Бақтияр ҚАББАСОВ, «Рухани жаңғыру» журналының және Талғар аудандық «Талғар» газетінің бас редакторы