Аудан жаңалықтарыҚоғам

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен Іле ауданының жергілікті атқарушы органдарымен «Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету мәселелері» туралы семинар-кеңес болып өтті.

Семинарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Асылбеков Алмас Жарылқасынұлының және Іле аудандық ХҚКО филиалының басшысы Дүйсенбеков Ілияс Бейсенбекұлының қатысуымен онлайн-семинар өткізілді.

Семинарға Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, округтердегі мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және аталған мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары ZOOM бағдарламасы арқылы барлығы 283 адам қатысты. Семинарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандыру, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тоқсан сайынғы есебін автоматтандырылған жүйе арқылы тапсыру мәселелер талқыланды.

«Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджерін пайдалану туралы жергілікті округ әкімдері мен мекеме басшылары тұрғындарға арнайы түсіндіру жұмыстарын жандандыру туралы ұсыныстар айтылды.

Семинар соңында аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы Санат Ерболатұлы аудан тұрғындарының аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету бөліміне бармай-ақ ауылдық округ әкімдігі мен мектеп, балабақшалардағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы қажетті қызметтерді, анықтамаларды алуды насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұруды тапсырды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап алды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button