Аудан жаңалықтарыМерекелер

Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы

Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Нұр — Сұлтан – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен.

Нұр-Сұлтан күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.
Сондықтан да бұл күн — әрқайсымыздың жүрегімізге қуаныш ұялататын мереке екені анық. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында «Астана» ұғымы ең жарқын болашақ кепіліне айналды. Оның бас сәулетшісі — тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін ескерсек, осы бір ғажайып қала сол кісінің бастамасы арқасында, мұқалмас күш-жігерінің негізінде бой көтерді. Ендеше, Еуразияның жүрегі, мәңгілік достықтың символы — Нұр-Сұлтан қаласы күні құтты болсын! Еліміз өркендеп өсе берсін!

Іле аудандық Аналар кеңесінің төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button