Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Алғыс айтамыз!

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Жаңаталап ауылы №25 орта мектебінде тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету негізінде «Biz Birgemiz» жобасы ұйымдастырылды. Сын сағатта көмекке мұқтаж мектебіміздің аз қамтылған 20 отбасына мейірімін төгіп, демеушілік көрсетіп, азаматтық белсенділік танытқан «Тау Адмирал» ЖШС директоры Василий Иванович Бозачиди мырзаға, ауыл тұрғыны Ринат Бөрібаевқа, мырзаға, «Хайыр КЗ» ЖШС ұжымына, «Тау Адмирал» ЖШС қызметкері Аяулым Әбілқасымоваға, «Байсерке ауылдық округі» әкімшілігіне, со-нымен қатар ауылдың белсенді азаматтары мен ата-аналарға зор алғысымызды білдіре оты-рып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс-тар тілейміз!

2020-2021 оқу жылының басталуына орай жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» акциясы аясында Іле ауданының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жанабек Ернат мырза тұрмысы төмен 3 оқушыны толықтай мектеп формасымен, оқу құралдарымен және Байсерке ауылдық округінің әкімшілігі 1 оқушыны қашықтықтан оқуға байланысты смартфонмен қам-тыды.

Абайдың он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді», – деп айтылған. Бүгінгі таңда демеушілік көрсетіп отырған азаматтарға мектеп әкімшілігі атынан зор алғыс айтамыз!

 

А.ТӨЛЕГЕНОВА,

№25 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button