Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

СЫЙЛАЙЫҚ ҚУАНЫШ, БАЛАЛАРҒА

Жыл сайын әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балалардың мектепке қамтылуы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды тиісті заттармен қамтамасыз ету, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Акция аясында мектептерде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан мүмкіндігі шектеулі оқушылардың үйлерін аралап, ата-аналарымен, қамқоршыларымен әңгіме жүргізілді. «Мектепке жол акциясы» бойынша мұғалімдер тарапынан оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен 80 баланы қамтамасыз ету қолға алынып, нақты көмек берілді.

Бұл сауапты іске ауыл тұрғындары да  өз үлестерін қосып, балаларға қолдарынан келгенше қуаныш сыйласа нұр үстіне нұр болар еді.

«Мектепке жол» акциясы аясында іс- шаралар өз деңгейінде атқарылып, алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Б. Бақытжанқызы,

№13 орта мектептің әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button