Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Жомарттық жақсы қасиет

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу –өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Жаңа оқу жылы қарсаңында КазЦИК ауылы №42 орта мектебінде республикалық дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы өз жалғасын тапты. Әлеуметтік бағыттағы бастаманың басты мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына көмек қолын созу, қолдау көрсету.

Аталмыш акциясында 19 бала аяқ-киім, 11 бала оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, өз кезегінде мектеп әкімшілігінен бастап, әрбір бірлестік жоғарыда көрсетілген отбасы балаларының қашықтықтан оқудағы дайындығын нығайту жолында оларға 8 ұялы телефонды тарту етті. Осы тұста 3 оқушымызға ұялы телефон сыйлаған КазЦИК ауылдық әкімдігіне, 1 оқушыға спорттық киім, аяқ-киім, мектеп құрал- жабдықтарын сыйлаған «Эмкор Спешиелти Картонз» ЖШС бас директоры Жігер Сақановқа, кәсіпкерлер палатасының Іле ауданы бойынша филиалының директоры Ержан Тұралықовқа №42 орта мектебі ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы 30-қыркүйекке дейін өз жалғасын табады. Жомарт жандар үшін мекен-жайымыз: Б.Сейдалиев көшесі 117.

Жақсылық жасауда жарысайық!!!

 

Қ. Дүйсебаева,

№42 орта мектебінің әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button