Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік  қызмет көрсету-басты бағыт

Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт аралығында мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болуда. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып,мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы-мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.

Ендеше,мемлекеттік қызмет көрсету-білім беру мекемелерінде де өз жалғасын табуда.Біздің мектепке дейінгі мекемелерде де,яғни,балабақшаларда мемлекеттік қызмет көрсету-басты бағытымыз. Атап айтар болсақ,ата-аналар мен қызметкерлер балаларын электронды кезекке қойып,жолдама алу мүмкіншілігіне ие болып отыр.

Біздің «Айналайын» бөбекжай-балабақшасында да қызметкерлерге,ата-аналарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жасалынған.Бұл қызмет көрсету бұрышында ата-аналар  өздерінің ЭЦП кілттері арқылы  E-ZHETYSU KZ  порталы арқылы балаларын кезеккке қойып,балабақшаны таңдап,жолдама ала алады. Сондай-ақ, қызметкерлеріміз Egov порталынан өздеріне қажетті түрлі анықтамаларды алып отырады. Осы мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы бойынша жауапты  маман тағайындалған.

Сонымен қатар,мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, белгі беретін қоңырау,автотұрақ белгісі,Брайллер шрифтімен жасалған балабақшаның аты-жөні жазылған арнайы тақтайша жасалып,қолжетімділікті жүзеге асырдық.

Қорыта айтқанда,балабақшамызда қызметкерлер мен ата-аналар заман талабына сай  « Электронды үкімет» порталын, тағы да басқа мобильді қосымшаларды қолдана отырып жұмыс жасап,мемлекеттік қызмет көрсетуге өз үлестерін қосуда.

                                                      «Айналайын» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:

Адилбаева Ардак Саткыновна

Басқа жаңалықтар

Back to top button