Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Надежда Лушникованың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындармен онлайн-кездесу өтті

30 қазан күні Іле аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ақын, айтыскер Надежда Лушникованың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындармен онлайн-кездесу өткізілді. Шараға жас ақындар, мәдениет, өнер саласының қызметкерлері қатысты. Мәдениет қызметкері, әнші  Уатхан Зақан  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қайрат Құдайберген  Н.Лушникованың өнер жолы туралы, жыраулық, ақындық шеберлігі, басқа ұлт өкілі бола тұра қазақтың мәдениеті, айтыс, жыраулық өнерін дамытып, дәріптеуге үлкен үлес қосқан біртуар жан екені жайлы танымдық дәріс беріп, өзара пікір-ой бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button