Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыҚоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі таңда уақыт талабы және Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде кездесетін құбылыс болса, Қазақ елінде айналып өтпеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін тежесе, инвестициялар тарту процесін тежейді. Экономиканың дамуына қауіп төндірсе, халықтың әл ауқатының төмендеуіне әсерін тигізеді. Мәселен, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті індеттен қатаң және ымырасыз, жоспарлы түрде күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі комиссия соның дәлелі. Бұл мәселе Президенттің халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында да айтады. Бұл Жолдау халықтың көңілінен шықса, келешекке деген сенімдерін арттарады. Жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу керектігі Жолдауда шегелеп айтылғаны да Елбасынан шыққан құптырақ шешім болды. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс деп айқындалған. Энергетический ауылдық округі ұжымы да Президенттің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Жарлығы мен Жолдауын шын жүрекпен қабылдады. Аудан орталығы Энергетический ауылдық округі 31000-нан астам халық тұрады. Жарлық пен Жолдаудың мақсаты мен күрес жолдарын әр тұрғынға жеткізу үшін үгіт насихат жұмыстары бірінші кезекке қойылды. Бабалардан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолын ізде» деген нақыл сөз қалған. Арнайы іс жоспар жасалып, онда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және күүресу жолдары қарастырылды. Бастаған 7 адамнан арнайы топ құрылды. Топ мүшелеріне қоғамдық ұйымдары мен ауыл белсенділері кірді. Жұмыс жоспарына сай әр елді мекендерде, мекемелерде, сауда орталықтарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы лекциялар ұйымдастырылса, оған қосымша акциялар мен үгіт насихат жұмыстары үзбей жүргізілуде. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары жазылған үндеу парақшалары таратылды. Энергетический ауылдық округі әкімдігі «Nur Otan» партиясымен келісе отырып бірнеше мекемелерде Жарлықтың орындалу барысын білу үшін тексерулер жүргізсе, одан бөлек сенім телефоны жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлық – бұл індет.ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғаса береді.

 

Энергетический ауылдық округі

ардагерлер кеңесінің мүшесі

Көрпебаев Қабылан

Басқа жаңалықтар

Back to top button