Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

«Еріктілер жылының» қорытындысы

Биыл 2020 жылы «Еріктілер» жылы деп жарияланды. Осыған орай, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен ауданымызда «Іле жүрегі» атты еріктілер клубы құрылған болатын. Елімізде жарияланған карантинге байланысты ауданымызда еріктілеріміздің атқарған жұмыстары аз емес;
Еріктілеріміз еліміз үшін пандемия саладрынан туындаған қиын-қыстау кезеңде көмекке келіп, аянбай халыққа қолдан келгенше қызмет етуде! Қазіргі таңда еріктілер аудандық емханамен бірігіп “мобильдік топқа” ат салысып жүр:
-Дәрігерлер мен медбикелерді ауырып жатқан адамдардың үйіне процедура жасауға апару;
— Лаборотория қызметкерлерін қан сынамаларын алуға науқастардың үйіне жеткізіп апару;
— Емханадан берілетін дәрі-дәрімектреді науқастардың үйіне жеткізу, — сияқты жұмыстарды атқарып жүр! Еріктілер керек кезде системаның штативі ретінде де 1 сағаттай инфузиялық ерітінділер науқасқа құйылып біткенше ұстап тұрып, түрлі жағдайларда қажымас қайрат пен әр адамға деген мейірімділікті көрсетуден аянбай келеді.
Әр отандасқа жалғызым деп қарап, денсаулығына алаңдап, халық көп шоғырланатын мекеме/ұймдарға қол ұшын созып жатыр. Халық банк, Каспий банк, Қаз пошта, ЦОН сияқты мекемелерде кезекте тұрататын адамдарға:
— түсніктеме жұмыстарын жүргізу;
— ара қашықтықты сақтауын қадағалау;
— кезекпен өткізу, жазғыздыру сияқты жұмыстарды атқарып жатыр. Еріктілер жиі дүкен, базарлар, карантин кезінде жұмыс істеуге тиым салынған қызмет түрлерін тексеруге арналған мониторинг жүргізуге мемлекет қызметкерлерімен бірге шығады!

Елдің мүддесін өздерінікінен жоғары қоятын еріктілер Құрбан байрам мейрамында да мешітке келіп көмек берді! Уақытқа, жағдайға, ештеңкеге қарамай, халықтың, елдің амандығына қандай болса да септігін тигізуге даяр тұратын еріктілер әлі де талай жұмыстар атқарады деп сенеміз! Жоғарыда айтылып кеткен жұмыстардан бөлек, еріктілер өз топтарының жұмыстарын да, түрлі акциялар мен көмектерін де қатар алып жүр!

Атап айтар болсақ 1180 отбасыға азык түлік, 2 ай аудан-қала шекараларыда блок бекетерде, оқшауланған үйлерге, адам көп шоғырланатын мекемелерде еріктілеріміз кезекшілікке тұрып, сырқаттанған жандарға азық-түлік және дәрі-дәрмекті жектізілуін қамтамасыз етті. Мобильді топпен 300 мекен жайга шықты. 400астам мекен жайдан киім алып келіп, 200 отбасыға таратылды. «Қарттарға құрмет» акциясы аясында 10 картард агерлерімізге үй жинастыру, ауланы жинау, ақтау, бояу жумыстары жургізілді. «Мектепке жол»акциясы аясында 20 отбасыға мектеп құралдары, 2 ұялы телефон берілді. «Егов жаршысы» акциясы бойынша 10 ауылдық окургті аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Парақшалар таратылып, халық арасында насихаттау жұмыстары атқарылды. Аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөліммен бірлесе қоқыс полигонында өрт сөндіруде 16 күн жүріп көмек көрсетілді.
Бұл атқарылған жұмыстар ары қарай жалғасын табады. Ел басына қиын қыстау кез туған кезде, еріктілеріміз ел жанына демеу болып, көмек көрсете білді. Барлық еріктілерімізге алғыс білдіреміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button