Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ АРДАГЕРЛЕРМЕН, КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер көпбалалы отбасылармен, ардагерлермен онлайн кездесу ұйымдастырды. Онлайн кездесу барысында тұрғындарға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының бейнежазбасы ұсынылды. «Нұр Отан» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды.
Біздің ауданда тұратын 52 мыңға жуық отбасының 5,4 мыңы көпбалалы. Осыған орай, ауданымыздағы үлкен мәселенің бірі – баспана. Тұрғын үй кезегінде 4292 адам кезекте тұр екен.
Аудан халқын баспанамен қамтамасыз етіп, тұрғын үй мәселесін шешу үшін «Нұр Отан» партиясы:
— Өтеген батыр ауылында 2025 жылға дейін 72 пәтерлі 11 үйдің құрылысы (74,8 мың шаршы метр) және үш 60 көппәтерлі тұрғын үй (12,8 мың шаршы метр);
— тұрғындардың қаражаты есебінен ауданның барлық ауылдарында 1 мыңға жуық жеке тұрғын үй (658,6 мың шаршы метр) салуды;
— инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 360 көпбалалы отбасы баспаналы болады;
Бұл шаралар кезекте тұрған 1000 отбасын немесе 3755 адамды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button