Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ҮМІТКЕРЛЕР ҮЛКЕН БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

2021 жылы болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаты депутаттарының сайлауы қарсаңында біз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқаны жайында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Алмасбек Қожабекұлы Сатибаевты әңгімеге тартқан едік.

 — Алмасбек Қожабекұлы, партияның үгіт-насихат жұмыстарының барысына тоқталып өтсеңіз?

— Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының сайлауалды штабы 2021 жылдың 11 желтоқсанында ашылған болатын. Штаб ашылған кезде Мәжіліс, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің барлығы өздерінің жүргізетін үгіт-насихат жұмыстарын тағы да бір рет саралап, мақсат-мүдделерін айқындап алды. Олардың сайлауалды бағдарламасы негізінен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Үміткерлер бір ай бойы әр округтің тұрғындарымен, ірі-ірі өнеркәсіп жұмысшыларымен, кәсіпкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді. Атап айтсақ, «Есіктен есікке» акциясы және квассинг бойынша олар әрбір сайлаушының үйіне барып, өздерінің бағдарламаларын түсіндіріп, алдағы мақсаттарын айтып берді. Жастармен, спортшылармен, өнер адамдарымен кездесу өткізді. Мүгедек жандарға қайырымдылық көмегін жасап, олардың да үгіт-насихат жұмыстарына тыс қалмауына жағдай жасады. Өздерінің күнделікті атқарған жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға дер кезінде хабарлап отырды. Жалпы, барлық үміткерлер сайлау алдында үлкен белсенділік таныта білді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button