Аудан жаңалықтарыҚоғамЭнергетический ауылдық округі

КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Қазақ халқы дана, рухы биік, салт-дәстүрін берік сақтаған, ынтымағы жарасқан, жетім-жесірін жылатпаған ел болғанымызға өткен тарих куә.

Түбі бір түгел сөздің, түп атасы Майқы би бабамыз «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бірліксіз тірлік жоқ», — деп, елді бірлікке, ынтымаққа шақырған, аталы сөз қалдырған. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала «Жақсылық жасасаңдар, оның игілігі өздеріңдікі, жамандық жасасаңдар, оның обалы тағы өздеріңді табады (Исра сүресі, 7-ші аят, десе, сүйікті Пайғамбарымыз әр кез сахабаларына «Бір-біріңе жақсылық жасауда жарысыңдар, Алланың сыйы мен нығметінен құр қалмаңдар» — деп ескертіп отырған. Қайырымдылық – кіріптар көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау екенін айтып кеткен.

Әлемді шарпыған «Коронавирус» індетінен қара халық қатты қиналуда. Әсіресе көпбалалы аналар мен материалдық жағынан аз қамтылған отбасылар жұмыссыздық пен қымбатшылыктың зардабын тартуда.

Кедейшілікпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, барша ел болып жұмылғанда ғана нәтиже беретін шаруа. Мәселен, кедейшілікпен күрес мәселесі «Энергетик» ауыл округі әкімдігі мен ардагерлер ұйымының күн тәртібінен түскен емес. Бұл жөнінде арнайы іс-шаралар жасалды. Онда тұрмысы төмен отбасыларға кайрымдылык көмек берудің барлық жолдары қарастырылды. Сонымен, құрбан айтта (31. 07. 2020 ж.) басталған кедейшілікпен күрес акциясы, желтоқсан айына дейін жалғасты. «Еңбексіз балықты да тоғаннан ұстап ала алмайсың деген халық мәтелі». Ардагерлер ұйымы мүшелеріне біраз еңбектенуге тура келді .
Әр елдімекендерде, мешіттерде, мекемелерде, сауда орталықтарында өткізген акциялар мен үгіт-насихат жұмыстары жемісін берді.

Әр мекеме басшысы мен жеке кәсіпкерлерге қосымша ардагерлер ұйымы атынан жазылған үндеу парақшалары таратылып берілді. Бұл жерде белсенділік танытқан ардагерлер ұйымы мүшелері Сейдалиев Мақсат, Көрпебаев Қабылан, Түймелеев Нұрлан, Барлыбаев Бақытжан тағы басқа ерен еңбектерін атап өткен жөн. «Көп түкірсе — көл» деген. 5 айда біраз қомақты қаржы жиналды. Атап айтқанда, Алланың разылығы үшін жасалған қайырымдылық іс-шаралардың нәтижесінде ардагерлер ұйымы қамқорлыққа алған 20 отбасыға 170 келі ет (еттің нарықтағы бағасы 170 кг — 2200т) = 374000 теңгенің еті тегін берілсе, 520000 теңгеге азық-түлік, аздаған киім-кешек тегін таратылып берілді. Сонда барлығы (374000 тг + 520000 тг) = 894000 теңге көлемінде қайрымдылық көмек жасалды. Бабалардан «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ұлағатты сөз қалған. Сөз соңында қайырымдылық іс-шараларға атсалыскан қиналған жандарға қол үшін беріп көмек көрсеткен жүректерінде иман, мейірім бар «Қожабек ата» мешітінің бас имамы Кенжебайұлы Осман қажы, «Ибрагим халил Алла» мешітінің бас имамы Алмат Ешмұрат қажы, «Өтеген батыр» мешітінің бас имамы Тәңірбеков Дархан қажы, еңбек ардагерлері Төрткен Кененқызы, Көрпебаев Қабылан, РВК банкі директоры Омарқулов Абзал, жеке кәсіпкерлер Серікбаев Даурен, Имангалиев Арман, Түймелеев Нұрлан, Керимқұлов Абилда, Сүндетов Абай, Сапаров Бауыржан, Нұрлан Тілеуқабылұлы, Тоғжан Тоғайбекова, Абдисаев Жантилек, Ауған соғысы ардагері Әбубәкір Райымбек, «Нұр Отан» партиясының бас маманы Биримбетов Талғат, «Қазтрансгаз» мекемесінің участке басшылары Бегимбетов Ерболат, Жолдыбаев Мұрат, Іле аудандық су құбыры, кәріз жүйесі мекемесінің басшысы Закиржанов Садыр сияқты жомарт азаматтарға шын жүректен рахмет айтамыз. Жақсылық Алладан болсын! Алла Елшісі «Жақсы адам қоғамға пайдасы тиген адам жақсы адам, жақсы мұсылман деген».

Қорыта айтқанда, бір-бірімізге жақсылық жасауда жарысайық, ағайын. Алланың нығыметі мен сиынан құр қалмайық. Кедейшілікпен күрес жалғаса береді…

Қабылан КӨРПЕБАЕВ, «Энергетик» ауыл округі
Ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button